Мектеп тарихы

1868 жылы патшалы Россиядан күнкөріс кәсіп іздеп келгендер, каспий байлығын сағалап қоныстанушылар көбейе түсті. Осы мүддені орындау үшін өкімет Форт-Александровскіден (қазіргі Форт-Шевченко қаласы) оқу мерзімі 2жылдық 1кластық уездік училище ашты.

1884 жылы Маңғыстау уезд болып құрылып, бірнеше болысқа бөлінді. Осы облыстық елде басқару үшін орысша хат танитын, сөйлейтін, патшаның отарлау саясатын қолдайтын адамдарды керек етті. Сондықтан жергілікті әкімшілік 1894 жылы жеке кісілердің мектебін жауып, 4 жылдық мерзімді орыс-қырғыз училищесін құрды.

1894 жылы училище жанынан  14 балаға интернат ашып, халықтан 20 тиын алым алып оқытты. Қазақ балаларының саны күрт өсіп, 1 кластық училищенің контигентін көбейтіп, бес екі кластық Александровск училищесін құрды.

1920 жылы Адай ревкомы екі кластық орыс-қырғыз мектебіне «Форт-Александровск қаласындағы бірінші басқыш Қазақтың еңбек мектебі» деген ұлттық есім берілді.

1934 жылы 1 желтоқсанда С.М.Киров есімі беріліп, 7 жылдық мектеп болып құрылды.

1937 жылы түбектегі тұңғыш он жылдық мектеп болды.

1939 жылы өзінің алғашқы мектеп бітірушілерін шығарды.

1939-1940 оқу жылында мектепте  1321 оқушы оқып,  34 мұғалім қызмет істеді.

1942-1948 соғыс жылдарында мектепті ешкім бітірмеген.

1977 жылы 1 сәуірде мектеп қазіргі ғимаратын көшті. 

1999 жылғы  21 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің  №141 қаулысы бойынша С.М Киров орта мектебінде Есбол Өмірбаев есімі берілді  

Соңғы жаңалықтар

САН ҚЫРАНДЫ САМҒАТҚАН АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕ-100 ЖЫЛ!

САН ҚЫРАНДЫ САМҒАТҚАН АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕ-100 ЖЫЛ! Ғасырлық тарихы бар, шежіреге бай білім ордасыны ...

16 қаңтар 2020