Берішбаева Айна Шотанқызы

 Туған күні: 23.02.1968 ж.

Туған жері: Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы

Оқыған оқу орны: Гурьев қаласындағы Гурьев педагогикалық институтының тарих-филиология факультетінің тарих және құқықтану пәні мұғалімі

Еңбек өтілі: 30 жыл

Мұғалім жетістігі:

- 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғысымен»;

2015жылы  Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ге оқушы дайындап,100 % cапа көрсеткені үшін Түпқараған аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды;

- 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген аудандық тарих,құқық және дінтану пәндері мұғалімдерінің онкүндігінде «Үздік сабақ жоспары» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды;

- 2016жылы «Білім шыңы-ғылым сыры» журналының  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» жобасына сапалы білім,саналы тәрбие берудегі озық іс-тәжірибесін ұсынып  біліктілігін жоғары дәрежеде  танытқаны үшін «Грамотамен» және Республикалық «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» мерекелік медалін иеленді;

-2016жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай,Түпқараған ауданының әлеуметтік және экономикалық дамуына, қоғамдық саяси өміріне белсене үлес қосқаны үшін «Үздік әйел-азаматшалар-2016» премиясының «Әйел және депутат» номинациясы дипломымен марапатталды;

- 2016 жылы  наурыз айында Қоғамдық  марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Білім беру саласының үздігі»  құрметті атағымен марапатталды;

- 2004 жылдың қаңтарынан бастап «Нұр Отан»  партиясының мүшесі;

- 2014 жылдың сәуір айынан бастап аудандық мәслихаттың депутаты. 

Соңғы жаңалықтар

САН ҚЫРАНДЫ САМҒАТҚАН АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕ-100 ЖЫЛ!

САН ҚЫРАНДЫ САМҒАТҚАН АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕ-100 ЖЫЛ! Ғасырлық тарихы бар, шежіреге бай білім ордасыны ...

16 қаңтар 2020