Ибраева Гүлнәр Сарықызы

   Ибраева Гулнар Сарықызы 1956 жылы  29  шілдеде  Маңғыстау ауданы Ақшымырау селосында  өмірге  келді. Жармыш  орта  мектебінде  оқыды(1963-1973). Атырау  пединститутының  математика-физика  факультетінде  жоғары  білім алды(1973-1977)7 Жармыш  орта  мектебінде  математика  пәні  мұғалімі (1977-1981),  Е.Өмірбаев  атындағы  орта  мектепте  пән  мұғалімі, директор орынбасары (1981-2000) болып  еңбек  етті. Е.Өмірбаев  атындағы  орта  мектеп  директоры (2000-2005), Түпқараған  аудандық  білім  бөлімі  бастығы (2005-2011), Е.Өмірбаев  атындағы  орта  мектебі  директоры (2011-2016) болып  басшылық  қызметтерді  абыроймен  атқарды. Тәжірибелі  ұстаз  білікті  маман  Г.Сарақызы 2016 жылдың  қыркүйек  айынан  бастап  мектепте  математика  пәні  мұғалімі  болып  еңбек  етіп  келеді. Білім  саласын  дамытуға  қосқан  зор  үлесі  үшін  «ҚР  Білім беру ісінің Құрметті қызметкер», «Ы.Алтынсарин»төс белгілерімен, Маңғыстау ОББ-ның, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық бөлімшесінің, Түпқараған ауданы әкімінің, АББ-нің Құрмет грамоталарымен,көптеген мерекелік ескерткіш төс белгілерімен марапатталды. Зайыбы Рахметулла Жанабергенов екеуі өнегелі отбасында төрт бала тәрбиелеп өсірді. Балалары әр түрлі салада ел игілігі жолында еңбек етуде.

Жарияланған күні: 13-01-2019  

Соңғы жаңалықтар

САН ҚЫРАНДЫ САМҒАТҚАН АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕ-100 ЖЫЛ!

САН ҚЫРАНДЫ САМҒАТҚАН АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕ-100 ЖЫЛ! Ғасырлық тарихы бар, шежіреге бай білім ордасыны ...

16 қаңтар 2020